Футзалдан Қазақстан құрамасы Финляндияны ірі есеппен жеңді

0
106
Photo: Uefa.com

25 қаңтарға қараған түні футзалдан Нидерландыда өтіп жатқан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы Финляндияны 2:6 есебімен ұтты. 

Қазақстан құрамасында гол соққандар: Біржан Оразов (17 және 31-минуттар), қақпашы Игита (24), Арнольд Кнауб (28, 33) және Азат Валиуллин (39).

Қазақстанның В тобындағы бәсекелестері Италия мен Словения тең ойнады, есеп – 2:2.

Бұл қазақстандықтардың турнирдегі екінші матчы. Бірінші ойында ұлттық құрама Словениямен тең ойнаған – 4:4.

Екі ойыннан кейін төрт ұпаймен Кака шәкірттері топта бірінші орынға шықты. Қазақстан келесі ойынын 28 қаңтарда италиялықтарға қарсы өткізеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз