30 мыңнан астам науқас коронавирустан емделіп жатыр

0
219

9 сәуірде денсаулық сақтау министрлігі елде 30 219 адамның коронавирустан ем қабылдап жатқанын хабарлады.

Өткен тәуліктің мәліметі бойынша 30 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде тек 790 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 11 376 адам стационарда, ал 18 843 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 517 адамның жағдайы ауыр, 163 адамның жағдайы өте ауыр және 87 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазақстанда өткен тәулікте 2440 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 1786 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 19 адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз