Ресей мен Украина шекарасында не болып жатыр?

0
778
Mandatory Credit: Photo by SERGEY VAGANOV/EPA-EFE/REX (10470310b) Ukrainian servicemen attend the forces disengagement near the Bohdanivka village, Ukraine, 09 November 2019. Head of the Joint Forces Operation HQ press center Andriy Ageyev has said the practical phase of the disengagement of troops and weapons of the Armed Forces of Ukraine and the occupying forces kicked off near the villages of Bohdanivka - Petrivske in Donbas on 09 November 2019. Ukraine and occupying forces disengagement commences, Bohdanivka - 09 Nov 2019

Кейінгі екі аптада әлеуметтік желіде Ресей қарулы күштері және әскери техникаларының Украина шекарасына немесе Қырымға бара жатқаны туралы видео және фотолар көбейді. 

Ресейдің бұл әрекетінен кейін Еуроодақ, НАТО (Солтүстік Атлантика шарты ұйымы) және АҚШ Украинаны қолдап, Ресейге әскерін кері шегіндіруін талап етіп жатыр. Бұл туралы әлемдік БАҚ хабарлады.

Шекарадағы Ресей әскерінің қозғалысы туралы журналистердің қойған сұрағына Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: “Қорқатын ештеңе жоқ. Ресей шекарасында қарулы топтардың қоныс аударуы мемлекеттің ішкі ісі”- деп жауап берді.

Бұдан жеті жыл бұрын Украинаның шығыс аймағында Донбасс деген атау алған Ресей мен Украина арасында соғыс басталды. БҰҰ хабарлауы бойынша 2014 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін 13 мыңнан астам адам қаза тауып, миллиондаған адам үйлерін тастап көшуге мәжбүр болған.

Дегенмен, наурыз айының соңынан бастап Ресей қарулы күштерінің Украина шекарасына және Қырымға жақындап келе жатқаны байқалды. Әрине бұл жағдайға батыс елдері алаңдаушылық танытып Украинаға ашық қолдау білдірді.

Украина шығысындағы 2014 жылғы соғыс салдарынан елде азаматтық соғыс көрініс тапты
2014 жыл, Донбасс

Кейбір әлемдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша бұл Ресейдің Киевті қорқытуы, одан бөлек батыс елдеріне өздерінің тез арада және көп мөлшерде әскерін тасымалдай аламыз деп сес көрсетуі. Ал кейбірі бұл анық соғыстың белгісі дейді.

Тәуелсіз бақылаушылар бұрын Ресей тұрақты әскери жаттығуларға байланысты ешбір елге басып кірместен әскерді үлкен көлемде тасымалдағанын атап өтті.

Мәскеу Украинаның НАТО-ға қосылуына түбегейлі қарсы. Жақын уақытта Киевтің әскери одаққа кіруі екіталай болғанымен, Зеленский бұл мәселеге қатысты ашық мәлімдемелер жасап үлгерді.

Украина президенті НАТО-ның бас хатшысымен сөйлескеннен кейін Twitter парақшасына “Әскерді және қорғаныс секторын реформадан өткізгіміз келеді. Бірақ Ресейді тоқтатуға бір ғана реформа жеткіліксіз. Донбастағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолы – НАТО” деп жазды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз