Байқоңырдан “Гагарин” ғарыш кемесі ұшырылды

0
411

9 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан “Ю.А.Гагарин” (Союз МС-18) ғарыш кемесі ұшырылды.

Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін шамамен тоғыз минуттан кейін орбитаға шығып, 3 сағат 25 минут өткен соң халықаралық ғарыш станциясына тоқтады.

“Гагарин” кемесін бастап орбитаға ресейлік Олег Новицкий, Петр Дубров және америкалық Марк Ванде Хай ұшты.

Адамзаттың ғарыш кеңістігін игергеніне 60 жыл толуына орай “Союз МС-18” ғарыш кемесіне алғаш ұшқан “Ю. А. Гагарин” есімі берілді. Оның есімі кеменің сыртына да жазылды. Ал зымыранның бас жағы ғарышкердің портреті және “Гагарин жылы 1961-2021” деген жазбамен әрленген.

Ұшу уақыты шамамен 191 тәулікке созылады.

1961 жылдың 12 сәуірінде 27 жастағы Юрий Гагарин алғаш болып орбитаға аттанды. Осыдан алпыс жыл бұрын ол ғарыш кеңістігін бағындырған алғашқы адам болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз