Қазақстан құрамасы 5 матч қатарынан жеңіске жетті

0
166

9 сәуір күні Қазақстан құрамасы Футзалдан Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі бесінші ойында Израиль құрамасын 1-4 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан футзал құрамасы EURO2022 турнирінің 1/8 финалына мерзімінен бұрын топтағы 4 жеңісі арқылы жолдама алды.

Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы “Сайран Арена” спорт кешенінде өтті. Дегенмен, матчтың номиналды иесі Израиль елі болды. Екі ел арасындағы эпидемологиялық жағдайға байланысты әуежолдары жабылды. Сондықтан, Uefa-ның белгілеуі бойынша екі ойында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Ойын басталысымен тізгінді қолға алған қазақстандықтар бірінші таймда жауапсыз үш гол соқты(Тайнан 17; Тоқаев 19, 20;).

Екінші таймның төртінші минутында есепті еселеп Тайнан дубль салды. Алайда Израиль құрамасы оған тек ойынның 38 минутында жауап берді.

Осылайша Каканың (толық аты – Па́улу Рика́рду Фиге́йра Си́лва) жаттықтыруымен қазақстандықтар 15 ұпаймен топта бірінші орында тұр.

Қазақстан топтағы қалған соңғы ойынын 11 сәуір күні өткізеді.

Еуро 2022 турнирі Голандия елінде 2022 жылдың 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді. Турнирдің финалдық кезеңінде әдеттегідей 12 емес, 16 құрама бақ сынасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз