Қазақстанда бір күнде 2734 адам коронавирус жұқтырды

0
130
Photo: rbc.ru

9 сәуірде Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны ПТР тест арқылы дәлелденген 2 734 науқас тіркелді.

Бұл – пандемия басталғалы бергі ең үлкен көрсеткіш.

Қазақстанның ең ірі екі қаласында науқас бәрінен көп. Өткен тәулікте Алматыда 715 жаңа науқас қосылса, Нұр-Сұлтанда 548 науқас осы диагнозбен тіркелді. Аймақтар арасында Алматы облысы алда тұр, мұнда бір тәулікте Covid-пен 369 адам тіркелген.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда осы күнге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған 266 677 адам санаққа алынды.

Өткен тәулікте 1511 адам бұл аурудан жазылып шыққан.

ДСМ хабарлауынша, 10 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 282 372 адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті, тағы 103 909 адамға екінші бөлігі салынған. Елде 1 ақпаннан бері ресейлік “Спутник V” екпесін егіп жатыр, препарат коронавирустан толық қорғауы үшін адам ағзасына оның екі дозасы салынуы тиіс.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде 134 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 2,9 миллион адам осы дерттен көз жұмған. Ауру жұқтырғандар саны бойынша АҚШ, Бразилия, Үндістан, Франция және Ресей алда тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз