Қарағандыда өндірілетін ресейлік вакцина ресми тіркелді

0
146
Вакцина.

Қазақстан ресейлік “Спутник V” вакцинасының Қарағандыда өндірілетін нұсқасын ресми тіркеді. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға ресейлік “Спутник V” вакцинасы жеткізілді

“Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) коронавирус инфекциясына қарсы “Гам-КОВИД-Вак” (“Спутник V”) дейтін вакцинаны Қазақстан аумағында тіркеу процедурасын аяқтады” делінген хабарламада.

ҚФК Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі сараптамалық ұйымының вакцина қауіпсіздігі, сапасы және тиімділігі жөніндегі қорытындысын 13 ақпан күні алған.

“Осы қорытынды негізінде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алу жөнінде өтініш жолданды” делінген комиссия мәлімдемесінде.

Қазақстан “Спутник V” екпесін қолдануды мақұлдаған 27-ел атанды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын

Қазірге дейін екпені Ресейден өзге Беларусь, Аргентина, Сербия, Алжир, Парагвай, Түркіменстан, Венгрия, БАЭ, Иран секілді елдер мақұлдаған.

Қазақстан ресейлік вакцинаны ресми тіркеуден өткізбей тұрып-ақ сала бастаған. Халыққа жаппай вакцина салу 1 ақпанда басталды. Биліктің мәлімдеуінше, ҚФК ақпанның соңына дейін Қазақстан өңірлеріне “Спутник V” вакцинасының 90 мың дозасын жеткізбек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз