Қазақстанға ресейлік “Sputnik V” вакцинасы жеткізілді

0
267
Photo: Facebook / MinzdravRK

Қарағанды фармацевтикалық кешені елге “Sputnik V” вакцинаcының алғашқы партиясын жеткізді. Бұл туралы 31 қаңтарда денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Көре отырыңыз: Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы отандық вакцина туралы не ойлайды?

Ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда — 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозадан жеткізбек.

Министрлік мәліметінше, сәуірден бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасын егу және оны ай сайын 500 мың дозаға дейін ұлғайту жоспарланған.

“Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары – медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметшілер және т. б. екпе жасалады. Вакцина алатын адамда профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдер болмауы тиіс. Вакциналау алдында дәрігердің міндетті тексеру жұмыстары жүргізіледі. Ел бойынша егу пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егуді жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, 2 мыңнан астам медицина қызметкер оқытылды”, – делінген министрлік таратқан ақпаратта. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев: қазақстандық вакцинаны салдырамын

Айта кетейік, 1 ақпанда Қазақстанда ресейлік “Sputnik V” вакцинасын егу науқаны басталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз