28 қарашада Қазақстанда 85 адамның коронавирус бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
29 қарашадағы мәлімет бойынша, 987 адам коронавирус инфекциясынан (–847+ және 140 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 161 пациент стационарда, 826 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.