Қазақстанда тағы 769 адам коронавирус жұқтырды

0
167
photo: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда өткен тәулікте 769 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 133 887 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

3 желтоқсан таңертеңгі ақпаратта 769 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде ең көп тіркелгені ШҚО(140), СҚО(97) және Павлодар(99) облыстарында. Бұдан бөлек 642 адам індеттен жазылып, барлығы 118 004 адамға жетті. Ал, 7 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 2056 адам өлді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 827 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 904 бала бар.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 41
Алматы қаласы – 72
Шымкент қаласы – 5
Ақмола облысы – 89
Ақтөбе облысы – 5
Алматы облысы – 24
Атырау облысы – 31
Шығыс Қазақстан облысы – 140
Жамбыл облысы – 15
Батыс Қазақстан облысы – 34
Қарағанды облысы – 21
Қостанай облысы – 82
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 5
Павлодар облысы – 99
Солтүстік Қазақстан облысы – 97
Түркістан облысы – 7

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 79
Алматы қаласы – 33
Ақмола облысы – 34
Ақтөбе облысы – 1
Алматы облысы – 9
Шығыс Қазақстан облысы – 116
Жамбыл облысы – 14
Батыс Қазақстан облысы – 73
Қарағанды облысы – 14
Қостанай облысы – 83
Қызылорда облысы – 1
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 107
Солтүстік Қазақстан облысы – 75
Түркістан облысы – 2

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 8 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 47 адам. Осылайша елде пневмонияны 42 455 адам жұқтырып, 30 728 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз