Астаналықтар жасаған алып хот-дог Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

0
98

Нұр-Сұлтанда ұзындығы 31 метр 48 см болатын алып хот-дог дайындалды. Хот-дог дайын бола сала Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Astana телеарнасы хабарлады.

Алып хот-дог 4 күнде жасалған. Оған 22 кг ұн, 16 кг ет қолданылған.   Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты тағамның ұзындығы 30 метр болған екен.

“Бізде осыған дейін ең ұзын хот-дог 12 метр болатын. Осы жолы 30 метрден асатын хот-дог жасау арқылы рекорд жаңартылды. Сонымен қатар, осы жылы ешқандай өзгеріс болмаса, бұл хот-дог әлемдік деңгейде рекорд болып саналады. Себебі, бұған дейін Батыс Еуропада 22 метрлік хот-дог рекорд болған еді.” – деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз