ҚР Парламенті Мәжілісі ғимаратында маска тағып жүру режимі енгізілді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Парламент Мәжілісі ғимаратының аумағында коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 7 ақпаннан бастап міндетті маска тағу режимі енгізілді. Сонымен қатар індеттің алдын алу шаралары жүріп жатыр. Мәжілістегі іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі»,- деп хабарлады ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, БАҚ өкілдеріне, іс-шараға маска тағып келу туралы ескерту жасады.