18 қазандағы ақпаратта Қазақстанда 1 642 адамның ПТР тесті коронавирус жұқтырғанын анықтаған. Осылайша елде індет жұқтырғандар саны 918 146 жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында – 238, Алматы қаласында – 318, Шымкент қаласында – 16, Ақмола облысында – 122, Ақтөбе облысында – 25, Алматы облысында – 107, Атырау облысында – 42, Шығыс Қазақстан облысында – 103, Жамбыл облысында – 21, Батыс Қазақстан облысында – 37, Қарағанды облысында – 149, Қостанай облысында – 114, Қызылорда облысында – 22, Маңғыстау облысында – 4, Павлодар облысында – 168, Солтүстік Қазақстан облысында – 132, Түркістан облысында – 24 адам індетке шалдыққан.
Бір күнде 1459 адам коронавирус инфекциясынан айыққан.
Қазіргі таңда 52 825 адам коронавирус инфекциясынан (–46 275 + және 6 550 КВИ-) емделіп жатыр. 9 329 пациент стационарда, 43 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 628 адамның жағдайы ауыр, 177 пациенттің жағдайы өте ауыр, 104 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.