Футзал: Қайрат финалда Атыраудан тағы да басым түсті

0
228

17 қазанда Қазақстан кубогының ойынында Қайрат пен Атырау футзал клубтары кездесіп, 4:3 есебімен алматылықтар жеңіске жетті. 

Қос команда соңғы он күнде екі мәрте финалда кездесті. Алайда екеуінде де Қайрат атыраулықтардан басым түсті. Екі матчта Нұр-Сұлтан қаласындағы “Сайран Арена” алаңында өтті.

Оқи отырыңыз: “Қайрат” Қазақстан суперкубогын 6-мәрте жеңіп алды

Естеріңізге сала кетейік жартылай финалда алматылықтар Нұр-Сұлтан футзал клубын 6-2 есебімен жеңсе, атыраулықтар Ақтөбе футзал клубын 7-6 есебімен қосымша уақытта жеңді.

Осылайша Қайрат футзал тарихындағы он жетінші Қазақстан кубогын жеңді.

“Қайрат” – “Атырау” – 4:3

Витао                             Синезио (хет-трик)
Эдсон
Ақбалықов
Ранжел

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз