“Білім-инновация” лицейінде тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 300 ағаш отырғызылды

0
754

16 қазан, сенбі күні тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан “Білім-Инновация” лицейі мектептің айналасына 300 түп ағаш отырғызды. 

Бұл іс-шара «Аялы ағаш-саялы» акциясы деп аталды. Ағаш отырғызуға лицейдің ұжымы, түлектері, ата-аналары, оқушылары және қоғам қайраткерлері қатысты. Акцияның мақсаты туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен кеңінен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосуына септік тигізу.

“Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тұспа-тұс келіп жатқан осы іс-шарамызда 300 ағаш отырғызайық деген бір ниетіміз бар. Осы ниетімізге қолдау жасап жатқан баршаңызға алғысымды айтамын”, – деді Нұр-Сұлтан “Білім-Инновация” лицейінің директоры Эльбрус Пириев

Шарада 60 түп алма ағашы, 90 түп клен ағашы, 100 түп емен, 50 түп шырша ағашы отырғызылды. Акцияның соңында мектеп ауласында барша шараға қатысқандарға арнап ыстық шай мен ас берілді.

Акция басталмастан бұрын әр сынып өздеріне берілген белгілі аймақтар туралы ақпарат алды.

Лицей ұжымы, ата-аналар және оқушылар барлығы бірге көтеріңкі көңіл-күймен ағаш отырғызып бастады.

Акцияның соңында шараға қатысқандар естелікке суретке түсіп, ұйымдастырылған астан дәм татты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз