Футзал: “Қайрат” Қазақстан суперкубогын 6-мәрте жеңіп алды

0
117

7 қазанда Қазақстан суперкубогының ойынында Қайрат пен Атырау футзал клубтары кездесіп, 5:2 есебімен алматылықтар жеңіске жетті. 

Суперкубок матчында Атырауда басымдылық болды. Себебі осыған дейін Қайраттың бас бапкері Кака және бірнеше негізгі құрамның ойыншылары Литвада өткен әлем чемпионатынан жақында келіп, толықтай матчқа дайын емес еді. Ал Атырау футзал клубы осыған дейін бірнеше жаттығулар жасап, 4 рет достық кездесу өткізді. Дегенмен алматылық Қайрат өзінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Осылайша Қайрат футзал тарихындағы алтыншы суперкубогын жеңді.

“Қайрат” – “Атырау” – 5:2

Ранжел 1                        Тоқаев 26
Витао 4                           Эрик Данило 36
Ақбалықов 23
Эдсон 34, 40

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз