6 қаңтар күні Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 775 адам, ал соған ұқсас пневмониямен ауырған 94 науқас тіркелді. Барлығы 12 адам көз жұмды. Бұл туралы бейсенбіде Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ресми дерек бойынша, елде 2020 жылғы 13 наурыздан бері Covid инфекциясы зерттеу қорытындысы бойынша дәлелденген 159 819 адам тіркелген. Осы аурудың салдарынан 2349 адам қайтыс болған.
Министрлік ауру белгілері коронавирус инфекциясына ұқсайтын, бірақ лаборатория әдісімен тексергенде ағзасынан Covid табылмаған науқастар статистикасын былтырғы тамыздан бері бөлек жүргізіп келеді. Содан бері осындай пневмониямен 46114 адам ауырған, 519 адам қайтыс болған.