Православ христиандар Рождество мейрамын тойлап жатыр

0
210
Шіркеу. Көрнекі сурет.

7 қаңтар әлемдегі миллиондаған православ христиан Рождество мейрамын тойлап жатыр. Өткен түні Қазақстандағы православ шіркеулерінде Иса пайғамбардың туған күніне арналған діни рәсім өткен.

Қазақстан православтарын Рождество мерекесімен құттықтаған ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев діни мейрам “қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі” деген. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев Православ христиандарының басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосып келетінін айтқан.

Ресми мәлімет бойынша, 18 миллионнан астам тұрғыны бар Қазақстанда православ христиандар саны жағынан мұсылмандардан кейін екінші орында тұр.

Қазақстанның ресми күнтізбесінде әр жылда басқа күнге түсетін мұсылмандардың Құрбан айт діни мерекесі сияқты, православ христиандар жыл сайын 7 қаңтарда тойлайтын Рождество мерекесі де демалыс күні болып белгіленген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз