АҚШ-та Трамптың жақтастары Конгресс ғимаратын басып алды

0
375
WASHINGTON, DC - JANUARY 06: Pro-Trump supporters storm the U.S. Capitol following a rally with President Donald Trump on January 6, 2021 in Washington, DC. Trump supporters gathered in the nation's capital today to protest the ratification of President-elect Joe Biden's Electoral College victory over President Trump in the 2020 election. (Photo by Samuel Corum/Getty Images)

Дональд Трамптың жақтастары, ресми түрде Джо Байденнің сайлауда жеңіске жеткенін мақұлдау кезінде Конгресске шабуыл жасады. Бұл туралы truestory.kz телеграмм каналы хабарлады. 

“Жарты әлем ұйқыда жатқанда АҚШ-та Бішкек төңкерісінің сценарийі қайталанды. Наразылық білдірушілер мәжіліс залына баса-көктеп кіріп, оқиға орнына келген журналистердің техникаларын сындырған. Ғимараттағы жұмысшыларды эвакуациялау жұмысы жүргізілген. Кейін ФТБ (FBI) қызметкерлері бірнеше жарылғыш құрылғыларды тауып, залалсыздандырған”, – делінген хабарламада.

Наразылық кезінде бір әйел адам күзетші оғынан жараланған. Кейін оның қайтыс болғаны жөнінде хабар шықты.

Байден мен Трамп үнсіз қалмай халыққа үндеу жасады:

“Бүкіл әлемде америкалық жүйе бостандық үшін бағаланған, ал қазір оған қауіп төніп тұр” – деді Джо Байден.

Ал Трамп, өз жақтастарына полицияға көмектесіп, және наразылықты тоқтатып үйлеріне қайтуын сұрады. Қазіргі таңда Twitter Дональд Трамптың парақшасын бұғаттап тастаған.

Ұлттық гвардияның араласуымен наразылық басылып, ғимараттағылар шығарылды. Қазір Колумбия округінде коменданттық сағат енгізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз