Конгресc Джо Байденді АҚШ президенті деп таныды

0
136
АҚШ конгресі. Photo: Voice of America

АҚШ Конгресі қарашада өткен сайлау нәтижесін мақұлдап, демократ Джо Байденді АҚШ-тың келесі президенті, Камала Харристі вице-президент деп таныды. Байден мен Харристің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Конгресс тарапынан дауыс беру нәтижесін мақұлдау – АҚШ Конституциясында жазылған міндетті шара. Конгрессмендер осы процесс арқылы сайлаушылар алқасының дауыс нәтижесін мақұлдауы тиіс. Бұл шара 6 қаңтарда өтуі керек еді. Бірақ Капитолийдегі жиын өтерден бұрын Трамп Ақ үй жанында өз жақтастарына қайырылып, “біз ешқашан берілмейміз, ешқашан жеңілмейміз, ұрлықты тоқтатыңыздар” деді. Трамптың осы сөзінен кейін оның ашулы жақтастары 1,6 шақырым жерде орналасқан Капитолийге барып, басып кірді.

Трамптың жақтастары Конгрестің қарашадағы сайлау нәтижесін рәсімдеуін өткізуге кедергі келтірді. Саясаткерлер жиын өтетін залды тастап кетуге мәжбүр болды. Олар жұмысын Вашингтонда коменданттық сағат енгізген соң жалғастырды.

Капитолийдегі жағдайдан 4 адам қаза тауып, 52 адам ұсталды.

9 қарашадағы сайлауда Байден сайлаушылар алқасының 306 дауысын, Дональд Трамп 270 дауысын алған. Кейін Трамп сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсірген. Сот оның 50 арызын қанағаттандырмай тастады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз