ДДСҰ коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын мақұлдады

0
253

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университеті бірігіп жасаған коронавирусқа қарсы вакцинаны мақұлдады. Бұл туралы Орталық Азия агенттігі хабарлады.

Басқа препараттарға қарағанда бұл вакцина жедел жасалды. Себебі ол төтенше жағдайда қолдануға арналған.

Вакцинаның екі нұсқасы мақұлданды: біреуі Сеулде кореялық SKBio-мен бірлесіп шығарылады, екіншісін – Үндістанның Serum институты өндіреді.

Осылайша, вакцинаны COVAX бағдарламасының бөлігі ретінде қолдануға болады. Оның мақсаты дамушы елдер үшін коронавирусқа қарсы дәрілерді қолжетімді ету.

Өндірістегі бұл вакцинаның құны салыстырмалы түрде төмен. ДДCҰ    вакцинаны сақтауға ерекше жағдайдың қажет емес екендігін айтады. Мысалы, Pfizer-BioNTech өндіретін препараттан айырмашылығы, минус 70 градус цельсийде сақтау керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз