Сарыағаш – Нұр-Сұлтан бағытындағы пойызда сәби дүниеге келді

0
494

 14 ақпанда Тараздан Павлодарға бет алған № 85 пойызда Анастасия Гранкина есімді жолаушы толғағы басталып дүниеге қыз әкелді. Бұл туралы Тенгриньюс сайты хабарлады.

Киік-Босаға учаскесінде жолаушы Гранкина айы жетіп, толғағы басталғанын айтып № 11 вагон жолсерігі Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрады.

“Пойыз қызметкерлері босанған әйелге алғашқы көмек көрсету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Жақын станцияға жедел жәрдем шақырылды. Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері келгенге дейін пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб вагонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті”, – делінген ҚТЖ таратқан ақпаратта.

Ақадыр станциясына жақындаған кезде дүние есігін ашқан сәбиге Әмина есімі берілді.

Станцияда жедел жәрдем қызметкерлері анасы мен жаңа туған нәрестені тексерді. Баланың жағдайы жақсы, анасы ауруханаға жатқызудан бас тартқан және олар соңғы станцияға дейін пойызда болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз