ДСМ өткен тәуліктің коронавирус деректерін жариялады

0
192
Photo: pricom.kz

15 ақпанда Қазақстанда 686 адамнан коронавирус табылды. 6 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 6 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 16 ақпан таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы қаласында (107) тіркелген.  Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 203 259 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 48 700 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 602 адам қайтыс болған. 39 478 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 22 733 адам ( оның ішінде 8620 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 255 адамның жағдайы ауыр, 47 науқастың жағдайы өте ауыр. 38 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз