Коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймақта жалғыз Нұр-Сұлтан қаласы қалды. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы хабарлады.
Ел астанасымен бірге “қызыл” аймақта тұрған Павлодар облысы бүгін “сары” аймаққа өтті.
Қазір “сары” аймақта Павлодар, Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы да бар.
Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша бұрынғыша “жасыл” аймақта.
Жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан “жасыл” аймақта тұр.
Атап өтейік, өткен тәулікте елде 747 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 67 адам вирус жұқтырып, 76 адам індеттен емделіп шықты.