Желтоқсан оқиғасының куәгері оқушылармен онлайн кездесу өткізді

0
461

Тәуелсіздік күні қарсаңында желтоқсан оқиғасының куәгері, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Нағима Сармурзина қыз балаларға арналған Атырау “Білім-Инновация” лицейінің оқушыларымен Zoom платформасында онлайн кездесу өткізді. Бұл туралы kazaknews.kz сайты хабарлады.

Аталған іс-шара 7 сынып оқушысының “Тәуелсіздік” өлеңін оқуымен басталды. Әрі қарай ұйымдастырушылар тарапынан Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша видео көрсетілді. Аға оқытушы Нағима Сармурзина сөзін ұйымдастырушыларға алғысымен бастады.

“1986 жылы Ульяновск қаласынан Колбин келіп, 18 минутта Дінмұхамед Қонаевты ауыстырды. Біздің ол кезде басшымыз тек қазақ болсын деген талабымыз болмады, тек Қазақстанда туып өскен, біздің дәстүрімізді білетін адам болса екен дедік.” – деді Сармурзина Нагима. 

1986 жылы 16 желтоқсан күні Геннадий Колбин Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды. Көтеріліс немесе билікке қарсы шығу секілді ойлары болмаған қазақ жастары Алматы қаласында қазіргі “Республика алаңына” жиналады. Аға оқытушы Нағима екі күн ішінде болған оқиғадан кейін жастардың өмірі қалай өрбігенін түсіндірді.

“Жаңалықтарда, газет беттерінде желтоқсан оқиғаларынан кейін қазақ жастары нашақор, ішімдік ішеді деген насихаттар тарай бастады. Алаңға жиналған жастарды күннің суықтығына қарамастан өрт сөндіретін көліктің суымен атқылап, судың қысымынан ұшып құлап жатқан ұл-қыздарды соққылап, шаштарынан сүйреп тау жаққа апарып тастаған. Көптеген студенттерді оқудан шығарды, тіпті соттап жіберді.” – деді ол.

Аға оқытушы Сармурзина өзін “желтоқсан оқиғасына қатыстым деп айтпаймын” деді. Себебі ол кезде коммунистік партия мүшесі болған және университеттен шығарып жібереді деген қорқыныш болғаны үшін бірден тығылдым дейді. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз