Облыстардағы коронавирус жұқтырғандар саны азаюда

0
138

Қазақстанда өткен тәулікте 661 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 142 986 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

15 желтоқсан таңертеңгі ақпаратта 661 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде ең көп тіркелгені Алматы(74), Қостанай(72) және Павлодар(71) облыстарында. Осыған дейін вирус жұқтырғандар саны бойынша алдыңғы қатарда болған Шығыс Қазақстан Облысында 60 адамнан табылды. Бұдан бөлек 914 адам індеттен жазылып, барлығы 127 096 адамға жетті. Ал, 7 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 2152 адам өлді. Соңғы үш күнде вирус жұқтырғандар саны азайып, 13 желтоқсан күні 794 адам, одан кейін 747 адам және бүгін 661 адам індет жұқтырды. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 738 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 47
Алматы қаласы – 74
Шымкент қаласы – 3
Ақмола облысы – 68
Ақтөбе облысы – 2
Алматы облысы – 37
Атырау облысы – 39
Шығыс Қазақстан облысы – 60
Жамбыл облысы – 30
Батыс Қазақстан облысы – 43
Қарағанды облысы – 32
Қостанай облысы – 72
Қызылорда облысы – 4
Маңғыстау облысы – 5
Павлодар облысы – 71
Солтүстік Қазақстан облысы – 70
Түркістан облысы – 4

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 28
Алматы қаласы – 240
Ақмола облысы – 42
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 15
Атырау облысы – 23
Шығыс Қазақстан облысы – 158
Батыс Қазақстан облысы – 38
Қарағанды облысы – 18
Қостанай облысы – 283
Павлодар облысы – 58
Түркістан облысы – 1

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 22 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 90 адам. Осылайша елде пневмонияны 43 974 адам жұқтырып, 31 609 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз