16 желтоқсаннан бері Атырау облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша “қызыл” аймақта тұр. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы хабарлады.
Мұнайлы астана қазіргі таңда “қызыл” аймақтағы жалғыз қала. Өткен тәулікте Атырау облысында 74 адам індет жұқтырып, 112 адам емделіп шықты.
Қазір “сары” аймақта СҚО, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары бар.
Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары коронавирустың таралуы бойынша “жасыл” аймақта.
Жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан “жасыл” аймақта тұр.