Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады

0
490

Қазақстандықтар 2021 жылдың алғашқы айында екі мерекені атап өтеді – Жаңа жыл және Рождество.

Жаңа жыл мерекесіне орай 1 және 2 қаңтар күндері демалыс болып саналады. Алайда 2 қаңтар күнтізбеде сенбі күніне келгені үшін 4 қаңтар дүйсенбі күніде демалыс болып есептеледі. Осылайша, жаңа жылға біз 1,2,3 және 4 қаңтарда демаламыз.

Сонымен қатар 7 қаңтар күні православие христиандарының Рождество мерекесіне байланысты ресми түрде демалыс болып есептеледі. 

Жалпы қазақстандықтар қаңтар айында сенбі, жексенбі күндерін қосқанда 13 күн демалады. 

Сондай-ақ, 31 желтоқсан жұмыс күні екенін еске салған жөн. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз