17 қаңтарда Қазақстанда 1003 адамнан коронавирус табылды. 17 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 8 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 18 қаңтар таңертең хабарлады.
Өткен тәулікте ең көп науқас Павлодар (155) мен Нұр-Сұлтанда (125) тіркелген. Ақмола облысында – 99, Алматы қаласында – 97, Алматы облысында – 94, Қостанай облысында – 74, Атырау облысында- 71 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жетпіске жетпейді.
Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 169 099 адамға жеткен.
Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 6 айға жуық уақыт ішінде 46 848 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 540 адам қайтыс болған. 34 613 адам жазылған.
Қазір коронавирустан 24 875 адам ( оның ішінде 11695 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 294 адамның жағдайы ауыр, 60 науқастың жағдайы өте ауыр. 40 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.