29 наурызда астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты Нұр-Сұлтанда шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Құжатқа сәйкес:
- СОО, СО және т.б. жұмыс күндері уақыттары сағат 17.00-ге дейін қысқартылады. Сонымен қатар, бұл нысандардың демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.
- Қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда барлық студенттер мен оқушылар көшеді.
- Қоғамдық тамақтану объектілерінің демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.
- Тамақтану объектілеріне жеткізу және алып кету тапсырыстарын орындауға рұқсат етіледі.
- Қоғамдық көліктер жұмыс күндері және сенбі күні уақытылы жүреді. Ал, жексенбі күні жұмысын тоқтатады.
Жаңа қаулы 30 наурызда күшіне енеді.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша “қызыл аймаққа” кірді. Күн сайын қалада коронавирус инфекциясының 300-ден астам жаңа жағдайы анықталып жатыр.