Коронавирусқа қарсы қытайлық вакциналар туралы не білеміз?

0
240
Photo: bbc.com

Covid-19 вакцинасын өндірудің жаһандық жарысы саябырсып, әлемде вакцинация науқаны қызу жүріп жатыр. Вакцина өндірісінде айтарлықтай жетістікке жеткен елдің бірі Қытай.   Қытай өндірген Sinovac және Sinopharm екпелерін әлемнің бірқатар елдері қолдануды бастап кетті. Қазақстанға да белгілі бір бөлігі жеткізілетіні туралы ақпарат шықты.

Аталған қытайлық вакциналар туралы не білеміз? Олардың басқа екпелерден қандай айырмашылығы бар? Қаншалықты тиімді? Осы сұрақтарға жауап іздеп көреміз.

Оқи отырыңыз: Цой: Қазақстанға қытайлық вакцинаның үш миллион дозасы келе жатыр

Sinovac вакцинасының ағзада атқаратын қызметі

Коронавирусқа қарсы бұл вакцинаны өндіретін Пекиндегі Sinovac биофармацевтикалық компаниясы.

Ол организмнің иммундық жүйесіндегі вирусқа әсер ету үшін өлтірілген вирус бөлшектерін қолдану арқылы денені ауыр реакцияға ұшыратпай жұмыс істейді.

Салыстыру үшін батыста жасалған Moderna және Pfizer вакциналарын алып қарауға болады. Олар вакцинаның mRNA түріне жатады. Бұл дегеніміз, коронавирустың генетикалық кодының бір бөлігі денеге енгізіліп, ағзада вирус белоктары түзіле бастайды. Алайда бұл код иммундық жүйені вирусқа төтеп беруге үйрету үшін жеткілікті деңгейде ғана енеді.

Nanyang технологиялық университетінің доценті Луо Дахай Би-Би-Си агенттігіне берген сұхбатында “CoronaVac – бұл вакцина жасаудың дәстүрлі әдісі, ол көптеген ауруға сәтті төтеп берген”, – деген.

“mRNA вакциналары – бұл екпенің жаңа түрі, сондықтан [қазіргі уақытта] халық арасында қолданылып жатқан мардымды мысалы жоқ”, – деді профессор Луо.

Құжатта Sinovac-тың басты артықшылығының бірі – оны стандарт тоңазытқышта Цельсий бойынша 2-8 градус температурада сақтауға болады. Ол Оксфорд вакцинасы сияқты шимпанзелерде суық тиюге әкелетін генетикалық вирустан жасалған.

Moderna вакцинасын сақтау үшін -20С, ал Pfizer-ге -70С температура керек.

Демек, Sinovac пен Oxford-AstraZeneca вакцинасы дамып келе жатқан елдер үшін әлдеқайда қолайлы. Себебі олар мұндай төмен температурада вакцинаның көп мөлшерін сақтай алмауы мүмкін.

Sinovac қаншалықты тиімді

Бұл туралы нақты кесіп айту қиын.

The Lancet ғылыми журналында жарияланған қытайлық зерттеуде тек CoronaVac-тың Қытайдағы бірінші және екінші фазалық сынақтары туралы ақпарат бар.

Зерттеу авторларының бірі Чжу Фенцайдың айтуынша, бұл нәтижелер бірінші кезеңде 144 екіншіде 600 қатысушыға салынған вакцина “төтенше жағдайда қолдануға жарамды” дегенді білдіреді.

CoronaVac әртүрлі елде үш кезеңнен тұратын сынақтан өтті. Түркия мен Индонезиядағы соңғы сынақ мәліметтері вакцинаның 91,25% және 65,3% тиімді екенін көрсеткен.

Бразилиялық ғалымдар алғашында жасаған клиникалық сынақта 78% тиімді болды деп мәлімдеген. Бірақ осы жылдың басында қосымша мәліметтер пайда болғаннан кейін бұл көрсеткішті 50,4%-ға дейін төмендеткен. Өткен жылдың қараша айында еріктілердің қайтыс болғаны туралы хабар тарағаннан кейін олардың соты қысқа уақытқа тоқтатылды. Кейін өлімге вакцинаның қатысы жок екені анықталғаннан кейін сынақ қайта жалғасты.

Sinovac өткен жылдың шілдесінен бастап Қытайда қаупі жоғары топтарға шұғыл қолдануға рұқсат етілген.

Профессор Луо Дахай үш кезеңнен тұратын сынақтың алдында вакцинаның тиімділігі туралы “шектеулі ақпаратты ескере отырып” пікір айту қиын деген.

“Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, CoronaVac тиімді вакцина болуы мүмкін, бірақ біз үшінші кезеңнің нәтижесін күтуіміз керек”, – деді ол.

Sinopharm вакцинасы туралы

Қытайдың мемлекеттік “Sinopharm” компаниясы жасап жатқан бұл вакцина Sinovac сияқты инактивті екпе. Sinopharm-ның қызметі де Sinovac-қа ұқсайды.

Sinopharm өткен жылдың 30 желтоқсанында вакцинаның үшінші кезеңдегі сынағы 79% тиімді екенін көрсеткенін хабарлады. Бұл Pfizer және Moderna-дан төмен.

Алайда, осы жылдың басында Sinopharm вакцинасын мақұлдаған Біріккен Араб Әмірліктері оның үшінші кезеңінің аралық нәтижелері бойынша 86% тиімділік көрсеткенін мәлімдеген.

Қытайлық вакциналарды қай елдер алып жатыр?

Сингапур, Малайзия және Филиппин сияқты Орталық Азия елдері Sinovac-пен келісімшартқа қол қойды. 2021 жылы қаңтардан бастап Индонезия жаппай вакцинациялау науқанын бастады.

Түркия Sinovac вакцинасын шұғыл қолдануға мақұлдады. Компания Бразилия және Чилимен де келісімге келгені белгілі.

Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн Sinopharm вакцинасын мақұлдады.

Sinovac жаңадан салынған 20000 шаршы метр өндіріс орнында жылына 300 миллион доза екпе өндіре алады.

Басқа вакциналар сияқты, Sinovac та екі дозаны қажет етеді. Демек жылына 150 млн адамға аталмыш екпені салуға болады. Бұл Қытай халқының оннан бір бөлігінен көп.

Сарапшылар Қытай басшысы Си Цзиньпиннің Африкаға 2 млрд доллар бөлуге уәде беріп, сонымен қатар Латын Америкасы мен Кариб елдеріне вакцина сатып алуға 1 млрд доллар несие ұсынып, вакцина дипломатиясының бәсекесінде жеңіске жетуге ұмтылысына назар аударады. Мұндай келісімнің шарттары қандай болатыны әзірге беймәлім.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз