Коронавирус: Бір күнде 86 адам қайтыс болды

0
138

31 шілдеде Қазақстанда 7 573 адамнан коронавирус анықталды. 87 адам коронавирус пневмониясын жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

ДСМ коронавируспен байланысты адам өлімі көрсеткішіне байланысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялайды. 31 шілдеде 102 адам коронавирус пен коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.

Кейінгі апталарда бұрын-соңды болмаған коронавирус көрсеткіштері тіркеліп жатыр. Денсаулық сақтау саласының мамандары мұны “дельта штаммен” байланыстырады. Ол вирустың кәдімгі түріне қарағанда әлдеқайда тез жұғады әрі ушығуы да жылдам.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында күн сайын орташа есеппен 1400-1500 адамнан коронавирус анықталып жүр. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Бір тәулікте Қарағанды облысы (өткен тәулікте 901) мен Шымкентте (650) жүздеген науқас анықталып жатыр. Қалған облыстар мен қалаларда 90 мен 450 аралығында науқас тіркеліп жүр.

Елде вирус күшейді. Қазір “жасыл аймақта” бірде-бір облыс не қала қалған жоқ. Түркістан облысы ғана “сары аймақта”. Қалған облыстар мен қалалар “қызыл аймақта” тұр.

Пандемия басталғалы бері 587 мыңнан астам адамның коронавирус тесті оң шыққан.

Былтыр наурыз айынан бері коронавирус тесті оң шыққандар арасында 6043 адам қайтыс болған. 3740 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған.

Қазір 101 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 28 мыңнан астамы стационарда жатыр. 73 мыңнан астамы амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр. 196 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

2 тамыздағы дерек бойынша, Қазақстанда 5,5 миллионға жуық адам коронавирус екпесінің кемі бір компонентін салдырған. Екпені толық алғандар 4 миллионға жуықтады.

Елде ресейлік “Спутник V”, қазақстандық QazVac, қытайлық Hayat-Vax және CoronaVac екпелерін салады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз