Пашинян қайтадан Арменияның премьер-министрі атанды

0
226
photo: primeminister.am / Никол Пашинян

Армения президенті Армен Саркисян жаңа парламент отырысының бірінші күнінде Никол Пашинянды премьер-министр лауазымына тағайындады. Бұл туралы Риа Новости сайты хабарлады.

Оқи отырыңыз – Пашинян сәуір айында отставкаға кететінін мәлімдеді

Арменияның Конституциясына сәйкес, президент жаңадан сайланған Ұлттық жиналыстың өкілеттік мерзімі басталғаннан кейін дереу парламенттік көпшілік ұсынған кандидатты премьер-министр қызметіне тағайындайды.

Министрлерді, толықтай премьер-министр қызметіне кіріскеннен кейін 15 күн ішінде тағайындайды. Осыдан кейін үкімет басшысы заң шығарушыларға 20 күн ішінде өзінің жұмыс жоспарының бағдарламасын ұсынуы керек.

2021 жылдың 20 маусымында Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Оған 21 партия мен төрт блок қатысты. Премьер-Министрдің міндетін атқарушы Никол Пашинянның “Азаматтық келісім” партиясы ОСК-ның соңғы деректеріне сәйкес 53,91% жинап жеңіске жетті. Экс-президент Роберт Кочарянның “Армения” блогы 21,9% жинады, ал Серж Саргсянның блогы 5,22% жинады. Соңғысы заңға сәйкес қажетті жеті пайыз дауыс жинамаса да, парламентке өтеді, өйткені заң шығарушы органда кем дегенде үш саяси күш болуы керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз