Пашинян сәуір айында отставкаға кететінін мәлімдеді

0
140
Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян сәуір айында отставкаға кететінін мәлімдеді. Ол мұны “кету үшін емес, кезектен тыс парламент сайлауын өткізу үшін” жасап отырғанын айтты. Пашинян заң бойынша дауыс беруге дейін үкімет жетекшісі міндетін атқара береді.

Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы маусым айында өтеді.

Оппозиция Пашинянның отставкасын талап етіп отыр. Премьердің қарсыластары жексенбі күні Ереван орталығында кезекті наразылық өткізді. Бұған дейін олар Пашинян отставкаға кетпей сайлау әділ өтпейді деп айтқан. Бірақ премьер жеңілген жағдайда билікті “мұрагеріне” тапсыратынын жеткізген.

Арменияда наразылықтың жалғасып жатқанына бір айдан асты. Алғашында оппозиция Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы Әзербайжанмен жасалған келісімге наразылық білдірген. Құжатқа сәйкес, Таулы Қарабақтың бір бөлігі Әзербайжан бақылауына өткен. Пашинян сондай келісімнің көмегімен ғана қақтығысты тоқтатуға болатынын айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз