Ахметжан Есімов қызметінен босатылды

0
426
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының бұрынғы басшысы Ахметжан Есімов (сол жақта), премьер-министр Асқар Мамин және қордың жаңа басшысы Алмасадам Сәтқалиев. Photo: primeminister.kz

29 наурызда “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов қызметінен кетіп, оның орнына Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды. Бұл туралы премьер-министр сайты хабарлады.

Асқар Мамин қордың бұрынғы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке “Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және Тәуелсіздік жылдары түрлі мемлекеттік лауазымдардағы тиімді жұмысы үшін алғыс айтқан”. Ахметжан Есімов қорды 2017 жылдан бері басқарып келеді.

Өткен жылы есеп комитеті ел экономикасын қолдау үшін құрылған қордың мемлекет ресурсын дұрыс жұмсамай жатқанын сынап, қордың табысы 2017 жылғы көрсеткіш – 18,7 пайыздан 16,5 пайызға түсіп кеткені де хабарланған. Сол кезде сатып алу процедураларының ашық еместігі де айтылды. Есеп комитеті былтыр жыл басында қордың жұмысын тексеретінін айтқан.

50 жастағы Алмасадам Сәтқалиев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін “механик, қолданбалы математик” мамандығы бойынша тәмәмдаған. Бұған қоса, Назарбаев университетінің, Стэнфорд университетінің жоғары бизнес мектебін бітірген. 2018 жылдан бастап “Самұрық-Қазына” қорының активтері бөлімін басқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз