Коронавирус: Инфекция жұқтырғандар саны көбейіп жатыр

0
151
photo: Pixabay

30 қарашада Қазақстанда 167 адамның коронавирус бойынша ПТР тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 081 адам коронавирус инфекциясынан (–937+ және 144 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 167 пациент стационарда, 914 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

Кейінгі үш тәуліктегі көрсеткіш бойынша қазақстандықтар арасында коронавирус жұқтырғандай көбейіп жатыр:

28.11.2022: 84 адам
29.11.2022: 114 адам
30.11.2022: 167 адам

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз