24 тамыздағы ақпаратта 5631 коронваирус жұқтырып, 38 адам пневмония жұқтырған. Ал коронавирус пен пневмониядан жазылып шыққандар саны 7194 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қазақстанда бірнеше апта бойы әр күн сайын 6000 мен 8000 арасында адамнан коронавирус табылатын. Бұл көрсеткіш соңғы күндері азая бастады. Онымен қоса вирустан жазылып шыққандар саны артуда.
Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 748 851 адамға, жазылғандардың саны 623 000 адамға, ал қайтыс болғандар саны 8512 адамға жетті.
Барлығы 123 226 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 5 887 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 28 577 адам стационарда, ал 94 649 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 1 824 адамның жағдайы ауыр, 555 адамның жағдайы өте ауыр және 267 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бұдан бөлек елде 6 413 010 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын ектірген. Ал екінші компонентін 5 070 640 адам ектірген.