Оңтүстік Кореяда Қазақстанның бас консулдығы ашылады

0
184
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласы.

23 тамыз күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

“Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын”, – делінген қаулыда. 

Пусан – аумағы жағынан Оңтүстік Кореяның Сеулден кейінгі екінші қаласы. Қала жағажайларымен, тауларымен және храмдарымен танымал. Сондай-ақ ол елдің ірі порты.

Айта кетейік, жуырда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен барды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз