Мектептердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы бойынша ДСМ мәлімдемесі

0
349
Емтихан тапсырайын деп отырған оқушылар.

Мектептердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы бойынша денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, осыған дейін министрлік білім беру ұйымдарының 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі штаттық оқыту режиміне көшу туралы шешім қабылдаған болатын.

“Денсаулық сақтау саласы бойынша қазіргі уақытта әкімдіктермен бірігіп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер осы мектептердің оқу жылына дайындығын тексеруде. Соның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай келуі тексеріледі”,- деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Алдымен осы ғимараттардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тексеріледі. Одан бөлек мектепке келгенде балалардың ара қашықтығын сақтау туралы айқын белгілердің бар болуы және санитайзерлер (дезинфекциялау үшін), мектепке кірер жолдағы өткізетін бақылау жұмыстары қалай жүргізілетіні бойынша тексеру жұмыстары басталды.

Бүгінгі таңда 354 мектеп дайын емес екендігін көрсетті. Бұл тексерулер 25 тамызға дейін жүргізілетін болады.

Егер сыныпта бір балада коронавируспен ауырса, барлық сынып байланыста болғандықтан карантинге кетеді.

Қосымша оқи отырыңыз – Оқушылардан коронавирус анықталған жағдайда қандай шара қолданылады?

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз