Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

0
354
photo: 24.kz

2021-2022 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы білім министрлігі хабарлады.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда оқуға түсушілер саны 2 мыңға артып, тестілеуге 36 мың адам қатысты.

Грант иегерлерін төмендегі сілтемені жүктеу арқылы көре аласыздар:

Естеріңізге сала кетейік, биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға 12 329 грант және бейіндік магистратураға 500 грант бөлінді. 

Барлық грант иегерлері 28 тамызға дейін жоғары оқу орнының виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы жоо-ға құжаттарын тапсыруы тиіс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз