Коронавирус: Қызыл аймақта 4 өңір қалды

0
87

27 қазанда Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызыл аймақта 4 өңір орналасқан. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады.

Өткен аптадан бері Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Тиісінше коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақтағы” өңірлер саны да азаюда. Қазіргі таңда “қызыл аймақта” 4 өңір, “сары аймақта” 5 өңір, “жасыл аймақта” 8 өңір орналасқан. Жалпы Қазақстан Республикасы “сары аймақта” тұр.

27 қазандағы ақпарат бойынша 1551 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 2052 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 932 688 адамға жеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз