Ангела Меркель Германияның канцлері қызметінен ресми түрде босатылды

0
145
Ангела Меркель, Германия канцлері. Сурет: Reuters

26 қазанда Германия канцлері Ангела Меркельге Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайер өкілеттігін тоқтату туралы ресми куәлік табыстады. Бұл туралы dw.com сайты хабарлады.

Сейсенбі, 26 қазанда, Бундестагтың 20-құрылтай жиналысында Штайнмайер Ангела Меркельден бөлек үкімет мүшелеріне де өкілеттіктерін тоқтату туралы ресми куәліктерді табыс етті. Алайда Германия заңы бойынша Меркель және министрлер кабинеті жаңа үкімет ант қабылдағанға дейін өз лауазымдарында міндетін атқарушы болып жұмыстарын уақытша жалғастырады. Бірақ жаңа үкімет тағайындалғанға дейін қазіргі уақытша үкімет маңызды саяси шешімдер қабылдай алмайды.

Германияның жаңа канцлері “Социал-демократиялық партияның” жетекшісі Олаф Шольц болады деген болжам бар. Себебі оның партиясы 26 қыркүйекте өткен бундестаг сайлауында 25,7 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен.

фото: lenta.ru / Олаф Шольц

Айта кетейік, Ангела Меркель Германия үкіметін 2005 жылдан бері басқарып келеді. 2018 жылдың қазан айында ол 2021 жылғы Бундестаг сайлауына канцлер лауазымына кандидат ретінде қатыспайтынын мәлімдеді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз