Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты “жасыл аймақта” жалғыз Түркістан облысы қалды. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы хабарлады.
Қазір “қызыл аймақта” қалған 16 өңір бар, ал “сары аймақта” ешбір өңір жоқ.
16 тамыздағы ақпарат бойынша елде 7217 адам коронавирус жұқтырды. 5421 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек 98 адам коронавирустан, 25 адам пневмониядан қайтыс болды.
Елде жалпы 6 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 5 миллионға жуық адам екінші компонентін ектірді.