Жұма күні Қазақстанда коронавирус жұққан тағы 1445 адам анықталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда екі күн қатарынан 500-ден астам адамнан коронавирус анықталды.
Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда – 506, Алматыда – 181, Шымкентте – 50, Ақмола облысында – 33, Ақтөбе облысында – 29, Алматы облысында – 37, Атырау облысында – 61, Шығыс Қазақстан облысында – 87, Жамбыл облысында – 31, Батыс Қазақстан облысында – 70, Қарағанды облысында – 147, Қостанай облысында – 34, Қызылорда облысында – 31, Маңғыстау облысында – 41, Павлодар облысында – 49, Солтүстік Қазақстан облысында – 25, Түркістан облысында 33 науқас тіркелген.
Былтыр наурыз айынан бері елде 414 712 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 4281-і қайтыс болған. Бұған қоса, коронавирус пневмониясына шалдыққандар 56 786 адамға жетті. 3437-і көз жұмған деп айтылады. Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандар бөлек есептеледі. Бірақ халықаралық ұйымдардың сайтында екі көрсеткіш біріктірілген.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус бойынша “қызыл аймақта” қалып отыр. Шымкент, Алматы қалалары, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары – “сары аймақта”. Қалған облыстар “жасыл аймақта”.
Қазіргі таңда 22 325 адам коронавирустан емделіп жатыр. (21 мыңнан астамының ПТР тесті оң шыққан). Стационарда 6738 адам емделіп жатыр. 15 587 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жүр. 409 адамның жағдайы ауыр, 104 пациенттің жағдайы өте ауыр, 68 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.