Қазақстандықтар Францияда тегін білім ала алады

0
326

2021-2022 оқу жылында екінші курстың 30 магистранты және Қазақстан мен Франциядағы ғылыми жетекшілермен бірлесіп диссертация дайындайтын 5 докторант “Абай-Верн” стипендиясының иегері атана алады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

“Абай-Верн” ұтқырлық білім беру бағдарламасына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 4 шілдеге дейін жағасады. Кандидаттарды іріктеуді франко-қазақстандық тәуелсіз комиссия жүргізеді.

“”Абай-Верн” стипендиясы магистранттар мен докторанттарға француз және ағылшын тілдерінде Франция университеттерінде оқу үшін беріледі. Үміткерлердің француз жоғары оқу орнына немесе ғылыми-зерттеу орталығына магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала қабылданғандығы туралы растау хаты болуы тиіс”, – деді халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының міндетін атқарушы Эльмира Асан.

“Абай-Верн” стипендиясын жеңіп алған магистранттарға Ұлттық банк бағамы бойынша ай сайын 800 евро, докторанттарға 1200 евро мөлшерінде стипендия төленеді. Сондай-ақ стипендиаттар Франциядағы университет жатақханасында орын алуға артықшылықты құқықтарға ие болып, ұзақ мерзімді студенттік виза және француздық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тегін тіркеле алады.

“Абай-Верн” – бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің бірлескен стипендиялық бағдарламасы. Келісімге қол қойылған кезден бастап 158 қазақстандық магистрант пен докторант беделді “Абай-Верн” халықаралық стипендиясының иегері атанған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз