БАҚ өкілдеріне “URKER-2021” ұлттық сыйлығы табысталады

0
119

24 маусым сағат 17.00-де, Нұр-Сұлтан қаласы “Қазмедиа орталығы” киноконцерт залында баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы “URKER-2021” ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтеді.

Іс-шара барлық санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жабық форматта өткізіледі. Онлайн көрсетілімі urker-awards.kz сайтында жүргізіледі. 

“URKER” ұлттық сыйлығы журналистерге баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін беріледі. Талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аудару мақсатында 2017 жылы құрылған.

Аталмыш сыйлықты жыл сайын көбіне мемлекеттік медиада қызмет етіп жүрген журналистер алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз