Әскери теңізшілер Армия халықаралық ойындарына қатысады

0
132

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің сарбаздары Армия
халықаралық ойындары аясында өтетін “Теңіз кубогы-2021”
конкурсына қатысады. Биыл халықаралық әскери жарыс Иранда өтеді. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыста теңіз бетінде ептілік көрсеткен кеме экипажы анықталады. Жаттығу кезінде әскери қызметшілер әуе және су үсті шартты нысаналарын көздеп атады. Жүзушілер де құтқару құралдарын қолдану кезеңіне дайындалуда. Жарыста кеменің мықтылығын көрсету жолындағы күреске ерекше назар аударылады.

“Теңіз кубогы” байқауы 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Еліміздің әскери теңізшілері 2015, 2016 және 2018 жылдары конкурстың күміс жүлдегерлері атанып, ал 2017 және 2019 жылдары үшінші орын иеленген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз