Өткен тәулікте екі мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

0
695

Қазақстанда өткен тәулікте 2077 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 77 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ел астанасында науқастар (427) күрт артқан. Алматыда бір күнде 595 науқас тіркелді. Алматы облысында 239 науқас анықталған. Қарағанды облысында – 144, Ақтөбе облысында – 127, Батыс Қазақстан облысында – 104, Атырау облысында – 103, Шымкент қаласында – 96 науқас тіркелген.

Өткен жылдың наурыз айынан бері 248 931 адамның коронавирус тест оң шыққан. Содан бері 3 072 адам қайтыс болған. Бұған қоса, 694 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. 1 тамыздан бері 50 695 адамға коронавирус пневмония диагнозы қойылған.

Қазір 26 095 адам коронавирустан емделіп жатыр. 24 512 адам коронавирустан, 1583 адам пневмониядан емделуде. 90 адамның жағдайы өте ауыр. 56 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 130 млн адамға коронавирус жұққан, 2,8 млн адам қайтыс болған

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз