ҚМДБ биылғы пітір мөлшерін белгіледі

0
458
ҚМДБ бас ғимараты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақаның мөлшері анықталды. Бұл туралы muftyat.kz сайты хабарлады.

Биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасы. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталған.

Бұдан бөлек, ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров төралқа мәжілісінде тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтай отырып қысқа сүрелер оқу, ауа райы қолайлы аймақтарда мешіт ауласында өткізу, Рамазан айында Құран хатым жасайтын топтар құрып, жамағатты сауапты істерге жұмылдыру жағына басымдық беру туралы айтты.

Батыржан Мансұров

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз