7 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Қарағанды облысы “қызын аймаққа” кірді. Осылайша қауіпті аймақтағы өңірлер саны сегізге жетті.
Қарағандыдағы Алғабас ауылында вирус жұқтырғандар саны күрт артқан. Мұндағы 250 тұрғынның 30-ынан коронавирус табылған.
- “Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облысы.
- “Сары” аймақта: Шымкент қаласы.
- “Жасыл” аймақта: қалған барлық өңір.
Өткен тәулікте Қазақстанда 2 080 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы анықталған. 27 адам коронавирустан көз жұмды және 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды.